jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтөбеде Торғай өзенінен келген судың деңгейі 1 метрден асты

    Ырғыз ауданы
    Ырғыз ауданы. Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

    Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының ауылдарына әлі де Торғай өзенінен су келіп жатыр. Оның деңгейі 1 метрден асып үлгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында әлі де су тасқыны қаупі сейілген жоқ. Қазіргі кезде Нұра ауылын түгелге дерлік су алса, Мамыр мен Белшерде де су басқан үйлер бар. Ал Құйлыс, Жайсаңбайда ауыл айналасындағы бөгетті бекіту жұмысы жүріп жатыр.

    "Құйлыс ауылы бойынша су тасқынына қарсы бөгеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда Торғай өзенінен келетін су деңгейі 1 метрден асты. Барлығы 8 техника бар. Оның үшеуі КамАЗ, төртеуі тиегіш және біреуі К700.

    Одан бөлек, аталған іске 20982 әскери бөлімінің 55 әскери қызметкері, өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмысы қызметінің 5 адамы жұмылдырылған.

    Құйлыс ауылында әскерилер саны 40, ауыл тұрғындарын қосқанда 80 адамды құрайды. Қазір 20 әскери қызметкер Жайсаңбай ауылына жіберілді. Бөгеу жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

    Ақтөбеде Торғай өзенінен келген судың деңгейі 1 метрден асты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.