jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда таңғы уақытта бутиктер өртенді

    Өрт сөндіруші өртті сөндіруге кетіп барады
    Өрт сөндіруші. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    27 қыркүйекте таңғы уақытта Алматыда өрт шықты. Алатау ауданында сауда дүкендері өртенді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратынша, өрт Алғабас шағын ауданында болған.

    "Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында алдын ала 70 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді.

    Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

    Құтқарушылар қазақстандық кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.

    Еске салсақ, бұған дейін Астанада үйдің ауласында тұрған көліктің өртеніп кеткені туралы жазған едік.

    Өрт бейнеленген видео Instagram-дағы astana_brothers парақшасында жарияланған. Кадрларда көлік отқа оранып жатыр. Оның сол жағында бірнеше көлік тұр.

    Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне өрттің Есіл ауданындағы тұрғын үйдің ауласында таңғы уақытта шыққанын хабарлады.

    Алматыда таңғы уақытта бутиктер өртенді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.