jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Павлодар облысындағы табиғи өрт сөндірілді

    Өрт сөндіру жұмыстары
    Өрт сөндіру жұмыстары. Фото: ТЖМ

    Павлодар облысындағы табиғи өрт сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің ауданы анықталуда, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Павлодар облысындағы табиғи өрт сөндірілді. Өрттің ауданы анықталуда", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

    Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды облысындағы табиғи өрт оқшауланғанын хабарлаған едік.

    Айта кетейік, 6 қазанда Қазақстанның екі өңірінде ірі өрт болып жатқанын хабарлаған едік.

    Кейінірек Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза тапқаны белгілі болды.

    Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері дала өртін сөндіру кезінде күйік шалған 4 өрт сөндірушінің жағдайына қатысты мәлімдеме жасады.

    7 қазанда, сағат 18:30-да ТЖМ өкілдері екі облыста өрт шалған аумақ 45 мың гектарға жеткенін хабарлады.

    8 қазанда ірі өрт шыққан Қарқаралы ауданының әкімі өңірдегі ахуал туралы баяндады.

    Прокуратура өкілдері Қарқаралы ауданында өртке байланысты өңір тұрғындарына үндеу жасаған болатын.

    Павлодар облысындағы табиғи өрт сөндірілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.