Жер сілкінісінен кейін "112" желісіне қанша қоңырау келіп түсті
Опубликовано:

"112" желісіне Алматы қаласында 104, Алматы облысында 120-ге жуық қоңырау келіп түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 11:30-дағы жағдай бойынша қала тұрғындарынан "112" желісіне Алматы қаласында 104, Алматы облысында ақпараттық сипаттағы 120-ға жуық қоңырау келіп түсті.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында жер сілкінгені туралы хабарлаған едік.
Кейіннен ТЖМ жер сілкінісі кезінде не істеу керек екенін айтты.
Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы арнасында жер асты дүмпуінің сезілуіне қатысты мәлімет жариялады.
Жер сілкінісі ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 км жерде орналасқан.
ТЖМ ақпаратынша, Алматы облысының Талғар қаласында қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеуде.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2183133-zher-silkinisinen-keiin-112-zhelisine-qansha-qongyrau-kelip-tusti/