Астанада ауа райы күрт бұзылып, құтқарушылар қала тұрғындарына үндеу жасады
Жарияланған күні:

Бүгін Астанада ауа райы күрт бұзылды. Осыған байланысты құтқарушылар қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. Сондай-ақ мектептерде сабақ қысқарғаны белгілі болды, деп хабарлайды қалалық әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"6 қарашада ауа райының нашарлауына байланысты (желдің жылдамдығы 30 м/с дейін артады) екінші ауысымның екінші сабағынан бастап сабақтар 30 минутқа дейін қысқарады. Сынып жетекшілері ата-аналарға оқушылардың тек ересектермен бірге жіберілетіні туралы айту қажет", - деп хабарлады Астана қаласының білім басқармасы.
Желдің күшеюіне байланысты елордалық құтқарушылар азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 6-7 қарашада Астанада қатты жел соғады. Синоптиктер оңтүстік-батыстан 23-28 м/с, кейде 30 м/с дейін жел соғады деп болжады.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның ірі қалаларында бүгін нөсер жаңбыр және қар жауатынын хабарлаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2184023-astanada-aua-raiy-kurt-buzylyp-qutqarushylar-qala-turgyndaryna-undeu-zhasady/