Оқыс оқиға

Зектілері

Жылу құбырындағы ақауға байланысты алматылықтарға ескерту жасалды

Жарияланған күні:

Ер адам радиаторды тексеріп тұр
Батарея. Көрнекі фото: freepik.com

Сейсенбі, 24 желтоқсан күні таңғы сағат 6-дан бастап Алматыда жылусыз қалған тұрғын үйлер мен нысандарға жылу беріле бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-не сілтеме жасап хабарлайды.

"Алматы жылу жүйесі" ЖШС-нің апаттық бригадасы 1984 жылы пайдалануға берілген Ду-800 құбырындағы ақауды жою жұмыстарын толық аяқтады.

"Алматыда Сәтбаев – Достық – Тайманов көшелерінің аумағы мен "Самал-1", "Самал-2", "Самал-3" ықшамаудандарын жылумен қамтып отырған магистральдық құбырдағы ақау жөнделіп, 2024 жылдың 24 желтоқсанында таңғы сағат 06:00-ден бастап жылу кезең-кезеңімен қайта қосылды", - делінген хабарламада.

Жылу беру жүйесі іске қосылғаннан кейін басқарушы компаниялар – ПИК, МИБ және ғимараттарға техникалық қызмет көрсетуші ұйымдарға ішкі желілерді тексеру қажеттігі ескертіледі.

Қала басшылығы қандай да бір төтенше жағдай туындаса (су тасуы, бу шығуы және т.б.), өз бетінше әрекет жасамай, келесі нөмірлерге хабарласуларыңызды сұрайды:

+7 (727) 378-06-65 (тәулік бойы),

+7 (727) 341-07-77 (08:00-ден 18:00-ге дейін) немесе 109.

Кеше, 23 желтоқсан күні Алматы қаласында жылу магистралінің құбыры жарылып, соның салдарынан бірнеше ықшамаудан жылусыз қалғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2204013-almatyda-zharylgan-zhylu-qubyry-zhondelip-zhylu-qaita-qosyldy/