jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Қызылордада төрт жасар баланың басы орындықтың арқалығына қысылып қалған (видео)

    Орындық
    Орындық. Көрнекі фото: freepik.com

    Құтқарушылар Қызылордада басын орындықтың арқалығына қысып алған балаға көмекке келді. Бұл жөнінде ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде төрт жасар бала басына орындықты киіп, өздігінен шеше алмаған.

    "Оқиға орнына жеткен ТЖМ құтқарушылары баланың басынан орындықтан шығарып алды.

    Бала зардап шеккен жоқ. Баланың ата-анасы құтқарушыларға алғысын білдірді", - делінген ведомство хабарламасында.

    Осыған ұқсас жағдай 23 желтоқсанда Атырау қаласында болған. Мұнда бес жасар бала орындыққа басын қысып алған.

    Ал шымкенттік құтқарушылар басына "горшок" киіп алған балаға көмектесті. Шымкентте екі жасар бала абайсызда басына "горшогын" киіп алып, өздігінен шеше алмаған. Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері ата-аналарды балаларына баскөз болып, оларды ерекше назарда ұстауға шақырған.

    Қызылордада төрт жасар баланың басы орындықтың арқалығына қысылып қалған (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.