Құтқарушылар Қордай асуында қалып қойған жүк көлігі жүргізушісін құтқарды (фото)
Жарияланған күні:

Құтқарушылары қатты аязда Қордай асуыында қалып қойған жүк көлігінің жүргізушісіне көмек көрсетті, деп хабарлайды ТЖМ-ның ресми Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Құтқарушылар Жамбыл облысындағы қатты аяздың салдарынан Қордай асуында қалып қойған жүк көлігінің жүргізушісіне көмек көрсету операциясын сәтті аяқтады.
""Трэкол" арнайы техникасымен төрт құтқарушы оқиға орнына жетіп, ауыр жағдайда қалған жүргізушіні тапты. Ұзақ уақыт бойы аязда тұрғандықтан, көліктің жанармайы қатып қалған, ал жүргізуші бес тәулік бойы жолда болған.
Құтқарушылар зардап шегушіге шұғыл көмек көрсетіп, оның денсаулық жағдайын тексеріп және көліктің жұмыс қабілетін қалпына келтіруге көмектесті", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2215184-qutqarushylar-qordai-asuynda-qalyp-qoigan-zhuk-koligi-zhurgizushisin-qutqardy-foto/