jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жетісу облысында жолдың бір бөлігін су шайып кетті (видео)

    жол
    Жолдың опырылған бөлігі. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

    Жетісу облысы Ақсу ауданында су деңгейінің көтерілуі салдарынан жол бөлігіндегі темірбетоннан жасалған құбыр мен жолдың бір бөлігі опырылды. Жолдың қираған учаскесі жедел қалпына келтірілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұған дейін желі қолданушылары жолдың опырылғанын айтып, видео жариялаған болатын.

    ТЖМ баспасөз қызметінің Telegram-дағы арнасының хабарлауынша, Ақсу ауданында "Жансүгіров-Матай" автожолының 34-шақырымында су өткелінің тозуына байланысты темірбетон құбыры мен жол төсемінің бір бөлігі қираған.

    "Көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Жергілікті полиция қоршау белгілерін орнатты, ал ЖАО мен жол қызметінің күштері ТЖД-ны үйлестіруімен жедел жөндеу жұмыстарын жүргізді: құбыр өткелін төсеп, топырақты толтырып, нығыздады", - делінген хабарламада.

    Қазіргі уақытта жол қозғалысы қалпына келтірілді, су құбыр арқылы өтіп жатыр.

    Жетісу облысында жолдың бір бөлігін су шайып кетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.