Оқыс оқиға

Зектілері

Ақмола облысында колледж студенті қайғылы жағдайдың алдын алды

Жарияланған күні:

өрт шыққан жер
Өрт шыққан жер. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысында колледж студенті мен полицейлер өрт шыққан ғимараттан екі баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды өңірлік әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, Степногорск қаласындағы "Мақсат" колледжінің студенті Иван Мизин қалалық аурухана маңында орналасқан екіқабатты қараусыз қалған ғимараттан шыққан өртті байқаған.

Осы кезде Иванға балалар жүгіріп келіп, ғимарат ішінде екі досы қалып қойғанын айтып, көмек сұраған.

Иван бірден балаларға көмекке ұмтылған. Ал іште ағаш, диван және құрғақ шөп жанып, ғимаратты қою түтін басқан.

Сондай-ақ ғимараттың терезелері темір тормен жабылған, бір ғана терезеде тор болмаған, дәл сол жерден өрт шыққан екен.

Иван жанып жатқан диванды жылжытып жол ашуға тырысқанымен, ауыр диванды орнынан қозғалта алмаған. Сол сәтте жақын маңдағы екі полиция қызметкерін көріп, оларды көмекке шақырған.

Ол полицейлермен бірге өрт сөндіру жұмыстарына кірісіп, өрт сөндірушілер келгенше балаларды аман алып шыққан.

"Иван Мизин жеңіл күйік алғанымен, өміріне қауіп жоқ. Оның ержүректік және жанқиярлық әрекеті қайғылы жағдайдың алдын алды. Иванның бұл ерлігі — батылдық пен адамгершіліктің жарқын үлгісі", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2235924-aqmola-oblysynda-kolledzh-studenti-men-politseiler-ort-shyqqan-gimarttan-eki-balany-aman-alyp-shyqty/