Өткен түнде Алматыда қонақ үй өртеніп, 100 адам қауіпсіз жерге көшірілді
Жарияланған күні:

Алматы қаласы Бостандық ауданында өткен түнде қонақ үй бөлмесі өртке оранды. Өрт сөндіріліп, жүз адам эвакуацияланған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ ресми Telegram-арнасына сілтеме жасай отырып.
"Алматы қаласы өрт сөндірушілері Бостандық ауданында орналасқан жатақханаға қайта жабдықталған төрт қабатты қонақ үйдің бөлмесіндегі өртті сөндіріп жатыр. ТЖМ құтқарушылары тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізді. Өрт сөндірушілер шақыру түскен сәттен бастап 35 минут ішінде өртті сөндірді.
Нақтыланған мәліметтер бойынша, Бостандық ауданы Манас көшесі бойындағы төрт қабатты жатақханаға қайта жабдықталған қонақ үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтерде өрт орын алған.
ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 100 адамды эвакуациялады", - делінген ТЖМ хабарламасында. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2239746-otken-tunde-almatyda-qonaq-ui-ortenip-100-adam-qauipsiz-zherge-koshirildi/