Оқыс оқиға

Зектілері

Талдықорғанда полиция қызметкері түтін басқан пәтерде қалып қойған үш баланы аман алып шықты

Жарияланған күні:

оқиға орны
Оқиға орнынан фото: polisia.kz

Жетісу облысында полицей түтін басқан үйден үш баланы құтқарды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ішкі істер министрлігінің ақпараттық медиа-порталының хабарлауынша, 7 мамыр – Отан қорғаушы күні Талдықорған қаласында полиция қызметкері ерлік пен жанқиярлықтың үлгісін көрсетті.

Полиция майоры Мирас Даутов қызметтен тыс уақытта Көкбастау көшесімен өтіп бара жатып, көмек сұраған адамның даусын естіген. Көшеде тұрған ер адам екі қабатты тұрғын үйде қатты түтін шығып жатқанын, ішінде балалар қалып қойғанын айтып, көмекке шақырған.

полиция майоры
Полиция қызметкері Мирас Даутов. Фото: polisia.kz

"Мирас Даутов ойланбастан газ қызметкерімен бірге түтін басқан үйге кірді. Өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан олар 9 бен 13 жас аралығындағы үш баланы аман-есен сыртқа алып шыққан", - деп жазады басылым тілшісі.

Жедел әрекеттің нәтижесінде қайғылы оқиғаның алды алынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2242959-taldyqorganda-politsiia-qyzmetkeri-tutin-basqan-paterde-qalyp-qoigan-ush-balany-aman-alyp-shyqty/