Оқыс оқиға

Зектілері

Алматы облысында патрульдік полицей жанармай бекетіндегі жарылыстың алдын алды (видео)

Жарияланған күні:

Жанармай бекетіндегі өрт
Жанармай бекетіндегі өрт. Кадр видеодан: t.me/POLICE_of_KZ

Алматы облысында полиция қызметкері жанармай бекетіндегі жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның жазуынша, Алматы облысында патрульдік полиция қызметкері "батылдық пен сабырлық танытып", жанармай бекетінде жарылыстың алдын алған. Оқиға бүгін, 10 мамыр күні Ұзынағаш ауылында болған.

"Қызметтік аумақты бақылау кезінде патрульдік полиция инспекторы Мирас Тастанды жанармай құю бекетінде тұрған ГАЗель көлігінің отқа оранғанын байқады.

Жағдайдың ауыр екенін және жарылыс қауіпін түсінген полицей сол жердегі екі азаматпен бірге отты сөндіруге дереу кіріскен. Олардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрт дер кезінде тоқтатылған.

"Инспектордың батыл шешімі мен азаматтардың жауапкершілігі арқасында қайғылы жағдайдың жолы кесілді. Мұндай оқиғалар полиция қызметкері – жай ғана форма киген адам емес, қоғам қауіпсіздігі үшін әрқашан дайын тұрған тұлға екенін дәлелдейді. Біз қызметкерлерімізбен мақтанамыз және сын сағатта бейжай қалмаған әр азаматқа алғысымызды білдіреміз", – деп атап өтті ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2243646-almaty-oblysynda-patruldik-politsei-zhanarmai-beketindegi-zharylystyng-aldyn-aldy-video/