Қырғызстан аумағында жер сілкінді
Опубликовано:

Қырғызстан аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Сейсмологтардың хабарламасына сәйкес, алдын ала мәлімет бойынша Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болды.
Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 239 шақырым жерде орналасқан.
Алматыда есептік қарқындылығы (баллмен) сезілмеді", - делінген ТЖД хабарламасында.
Еске сала кетейік, 10 мамырда, кешкі сағат 20 сағат 35 минутта Алматыда жер сілкінісі тіркелген еді.
Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 35 км жерде орналасқан.
Жер сілкінісі Алматы қаласында, Қаскелең қаласында, Қарғалы ауылында 2 балл болып сезілген.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2244057-qyrgyzstan-aumagynda-zher-silkindi/