jitsu gif
Оқыс оқиға

    Қызылорда облысында ұшақ апатты жағдайда қонды (видео)

    Ұшақты іздестіру сәті
    Ұшақты іздестіру сәті. Кадр: ТЖМ

    Құтқарушылар Қызылорда облысында апатты жағдайда қонған ұшақтың бортында болған үш адамды сегіз сағат бойы іздеген, деп хабарлайды Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Кеше ТЖМ кезекші бөліміне Қызылорда облысында "Таң-Құмкөл" бағытында ұшқан бортында 3 адам бар АН-2 ұшағы мәжбүрлі түрде жерге қонғаны туралы хабарлама келіп түсті. Олардың қайда екені белгісіз еді әрі олармен байланыс болмады.

    Жедел іздестіруге ТЖМ мен ПД-нің барлық күші мен құралы тартылды. Сондай-ақ іздестіруді жүргізу үшін Қазақстан ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмылдырылды.

    Іздестіру тобының жедел әрі үйлесімді іс-қимылдарының арқасында сегіз сағаттан кейін түнде жоғалғандар ай даладан табылып, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентіне жеткізілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.