jitsu gif
Оқыс оқиға

    Құлсарыдағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

    үстелдің үстінде жатқан папка
    Папка. Иллюстрациялық фото: polisia.kz

    Бүгін Атырау облысы Құлсары қаласындағы жарылыстан 14 адам зардап шегіп, 2 адам көз жұмған. Қайғылы оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Атырау облыстық полиция департаменті жанар-жағармай құя бекетіндегі жарылысқа щқатысты аудандық полиция бқлімшесі қылмыстық іс қозғағанын мәлім етті. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр.

    "Полиция қызметкерлері шұғыл түрде оқиға орнына жетіп, аумақты қоршап, жедел қызметтер жұмысын үйлестіріп жатыр.

    Көлік қозғалысы бақылауға алынып, кезекшілік ұйымдастырылды. Жағдай бақылауда", - делінген хабарламада.

    Айта кетелік, бүгін кешкі уақытта Атырау облысы Құлсары қаласындағы жанармай құю бекетінде жарылыс болып, жақын орналасқан үйлер өртке оранды. ТЖД 14 адамның зардап шеккені және екі адамның көз жұмғаны туралы хабарлады.

    Артынша Атырау облыстық әкімдігінің сайтында өңір басшысы Серік Шәпкенов жанар-жағар май құю бекетіндегі өрт пен жарылысқа қатысты жедел штабтың шұғыл отырысын өткізгені жарияланды.

    Одан бөлек облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен 14 адамның жағдайы туралы деректер ұсынды. Ұсынылған деректерге сай, өрттен зардап шеккен 14 адам шұғыл түрде Жылыой аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілген. Дәрігерлер олардың өміріне қауіп жоқ екенін атап өтті.

    Бастапқы медициналық тексеру мен тиісті диагностикадан соң 10 науқас ауруханаға жатқызылды. Төрт адам амбулаториялық бақылауда. Қазіргі жағдайда ауыр реанимациялық науқас жоқ.

    Ауруханаға жатқызылған 7 науқастың жағдайы — орташа ауыр, 3 пациенттікі — тұрақты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.