jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Астана маңындағы ұшақ апаты: жаңа деректер айтылды

    қылмыстық істі ашып отырған тергеуші
    Қылмыстық іс. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Астана маңында құлаған жеңіл моторлы ұшақ апатынан екі адам қаза тапқанын көліктегі полиция департаменті растады. Апат ұшқыш пен жолаушының өмірін жалмаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы TL-2000 маркалы жеке жеңіл әуе кемесінің апатқа ұшырауы фактісі бойынша ҚР ҚК 344-бабының 3-бөлігіне сай сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Апат салдарынан екі адам – ұшқыш пен жолаушы қаза тапты. Апаттың себептері анықталып жатыр", - делінген көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

    Ведомство мәліметінше, өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

    Айта кетейік, бүгін, 22 маусымда Астанаға жақын Жоламан әуеайлағы маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам мерт болғанын жазған едік. Бұл туралы көлік министрлігі мәлім еткен.

    Сонымен бірге Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana әуе компаниясына тиесілі ұшақ шұғыл түрде Атырауға қонуға мәжбүр болған. Әуе компаниясы оқыс жайтқа пікір білдіріп, ұшақ қарсы бағытта соққан желдің салдарынан қонғанын растады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.