jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Жезқазғанда құтқарушылар төрт баланы эвакуациялап, қайғылы жағдайдың алдын алды

    Электр плита
    Электр плита. Иллюстрациялық фото: Montypeter / Getty Images

    Бүгін Жезқазғанда құтқарушылар түтін басқан пәтерден төрт баланы эвакуациялады, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, анасы анализ тапсыру үшін медициналық мекемеге шығып кеткен кезде, үйде 2 мен 13 жас аралығындағы төрт бала ұйықтап жатқан.

    Сол сәтте олардың бірі оянып, ойыншықтарға толы пластик ыдысты сенсорлы электр плитаның үстіне қойып, қосқан. Салдарынан пластик жанып, бөлмелерді қою түтін басқан.

    Түтіннің иісін бірінші болып көршісі сезіп, дереу 112 қызметіне хабарлап, пәтерде балалардың барын айтқан.

    Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, арнайы құралдың көмегімен есікті ашып, төрт баланы қауіпсіз жерге эвакуациялаған.

    Жедел жәрдем қызметі балаларды тексеріп, медициналық көмектің қажет еместігін анықтаған. Тұтанған пластик өздігінен сөнген. Зардап шеккендер жоқ.

    "ТЖМ ата-аналарға сенсорлы плиталар балалар үшін аса қолжетімді әрі қауіпті екенін ескертеді. Электр құрылғыларын толық сөндіріп кетуді, балаларды қараусыз қалдырмауды және қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады", - дейді ТЖМ өкілдері.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.