Жамбыл облысында 6 балдық жер сілкінісі тіркелді
Опубликовано:
Жамбыл облысында жер сілкінді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 8 шілде Астана уақытымен 14 сағат 30 минутта Жамбыл облысында жер сілкінісін тіркеген.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 334 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.
Сезілу деңгейі туралы мәліметтер:
- Құланда – 6 балл;
- Меркіде – 5 балл;
- Шу қаласында – 3 балл;
- Сарыкемерде – 3 балл;
- Төле би ауылында – 3 балл;
- Тараз қаласында – 3 балл;
- Асада – 2 балл;
- Мойынқұмда – 2 балл;
- Қордайда – 2 балл;
- Бауыржан Момышұлы ауылында – 2 балл;
- Қаратау қаласында – 2 балл;
- Тұрар Рысқұлов ауылында – 2 балл.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түспеген.
Естеріңізге сала кетейік, биыл наурыз айында да Жамбыл облысында күші 5 балдық жер сілкінісі тіркелген еді.
Кейін Астана уақытымен 16 сағат 00 минутта өңірде тағы да тағы жер сілкінді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2263260-zhambyl-oblysynda-zher-silkindi/