jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жамбыл облысындағы жер сілкінісі: жедел желі ашылды

    телефон
    Телефон. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    Жамбыл облысындағы жер сілкінісіне байланысты жедел желі ашылды, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Министрліктің мәліметінше, Қазақстан ТЖМ командалық орталығының базасында жедел штаб құрылып, байланыс және көмек үшін жедел желі ашылған.

    Байланыс нөмірлері:

    • ҚР ТЖМ командалық орталығы – 87172-55-96-21;
    • Жамбыл облыстық ТЖД – 8-7262-51-41-67.

    Айта кетейік, бүгін, 8 шілде сейсмикалық станциялар желісі Астана уақытымен 14 сағат 30 минутта Жамбыл облысында жер сілкінісін тіркеді.

    Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 334 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

    Құланда жер сілкінісінің күші 6 балл, Меркіде 5 балл болған. Қалған ауылдарда сезілу деңгейі – 2-3 балл көлемінде.

    Жамбыл облысындағы жер сілкінісі: жедел желі ашылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.