jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Атырауда найзағай түскен екі қабатты үй түгі қалмай жанып кетті

    Найзағай түскен үй
    Найзағай түскен үй. Кадр: "КТК" арнасы

    Атырауда тұрғын үйге найзағай түсіп, толықтай өртеніп кетті. 13 шілдеде кешкі уақытта қалада күн райы күрт бұзылып, бұршақ аралас жаңбыр жауып, найзағай ойнап, күн күркіреген, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    Атырау қаласының шетіндегі ықшамауданда екі қабатты тұрғын үйдің шатырына найзағай жарқылы тиіп, өрт тұтанған. Қызыл жалын лезде лаулап, өрт сөндірушілер бір сағат дегенде әрең сөндіріпті.

    Табиғаттың тосын мінезінен жалпы көлемі 225 шаршы метрді құрайтын жаңа салынып жатқан тұрғын үй түгел жанып кетті. Абырой болғанда, адамдар дін аман.

    "Өртке найзағай себеп болды деп болжап отырмыз. Қазір Атырау басқармасының бөлімі анықтап жатыр. Нақтыланғаннан кейін ақпарат береміз", - дейді Атырау облысы ТЖД басқарма бастығы Марат Исатайұлы.

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    Атырауда найзағай түскен екі қабатты үй түгі қалмай жанып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.