jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Астанадағы "Биг Шанхай" базарындағы өрт: үш өрт сөндіруші зардап шеккен

    өрт шыққан ғимарат
    Оқиға орнынан фото: t.me/qr_tjm

    Өткен түнде Астанадағы "Биг Шанхай" базары аумағында болған өрт салдарынан үш өрт сөндіруші зардап шегіп, олардың бірі ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

    Агенттіктің жазуынша, өткен түнде Астанада Байқоңыр ауданы Алаш тас жолының бойындағы үш қабатты базар ғимараты өртке оранған.

    Астана Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Қанат Алтынбековтың айтуынша, алғашқы бөлімдер келген кезде өрт ғимараттың үш қабатын түгел шарпып үлгерген.

    "Тепловизор мәліметтері бойынша сыртқы қабырғалардың температурасы 800 градустан асқан. Ішінде не болғанын елестетіңіз. Құрылымдардың опырылуы және өртті сөндіру барысында үш қызметкеріміз жарақат алды. Олардың біреуі бас жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды", - деді Қанат Алтынбеков.

    Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД және ЖАО 165 адам, 62 бірлік техникасы жұмылдырылған.

    Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт сағат 07:10-да оқшауланған.

    Астанадағы "Биг Шанхай" базарындағы өрт: үш өрт сөндіруші зардап шеккен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.