jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда қоймадан өрт шықты (видео)

    өрт
    Оқиға орны. Видеодан кадр: Алматы ТЖД баспасөз қызметі

    Алматы қаласында қоймадан өрт шықты. Қоймадағы өртті сөндіруді үлкен көлемдегі жанғыш заттар күрделендіріп отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ведомство мәліметінше, 21 шілдеде сағат 09:52-де Жетісу ауданы, Тобаяқов көшесінде қойманың жанып жатқаны туралы хабарлама бойынша қалалық ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәреже бойынша жіберілген.

    "Оқиға орнына жеткенде қойма ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндіру оқпандары, автоцистерналар өрт гидранттарына енгізілді. Осылайша суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді. Өрт сөндіру жұмыстарын Алматы қаласы ТЖД бастығы жеке өзі басқарып отыр. Оқиға орнында жедел штаб жұмысы ұйымдастырылып, үш өрт сөндіру учаскесі құрылды, қаладағы өзара іс-қимыл жасайтын барлық қызмет жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

    Өртті сөндіру қоймадағы үлкен көлемдегі жанғыш жүк пен қатты қызу күрделендіріп отыр.

    Алматыда қоймадан өрт шықты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.