jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жамбылда өрт шыққан үйде жалғыз болған 86 жастағы қария бір ажалдан аман қалды

    құтқарушылар
    Оқиға орнынан фото: t.me/qr_tjm

    Жамбыл облысы Шу ауданында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Төтенше жағдай кезінде үйде 86 жастағы әжей жалғыз болған. Абырой болғанда құтқарушылар дер кезінде жарылыстың алдын алып, қарияны құтқарып қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    ТЖМ баспасөз қызметі өкілдерінің хабарлауынша, Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылында жеке тұрғын үйдің шатыры мен шаруашылық құрылысы жанған.

    Өрт көрші үйдің шаруашылық құрылысы мен жеңіл автокөлікке тараған.

    "Жедел жеткен өрт сөндірушілер түтін басқан үйден 1939 жылы туған қарт адамды құтқарып, жанып жатқан шаруашылық құрылысынан 3 газ баллонын алып шықты", - делінген хабарламада.

    Ведомстводағылар өрт аумағы 140 шаршы метрге жеткенде сөндірілгенін мәлім етті. Зардап шеккендер жоқ.

    Жамбылда өрт шыққан үйде жалғыз болған 86 жастағы қария бір ажалдан аман қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.