Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жер сілкінді
Опубликовано:
Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жер сілкінді, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 23 шілде Астана уақытымен 15:37-де жер сілкінісін тіркеген.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 793 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.
Сезілу деңгейі туралы мәліметтер:
- Абай облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы – 4 бал.
- Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы Самар ауылы – 4 балл.
- Абай облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы – 4 балл.
- Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті – 4 балл.
- Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы – 4 балл.
- Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Глубокое кенті – 3 балл.
- Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы Күршім ауылы – 3 балл.
- Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы (Зырян) – 3 балл.
- Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы (Лениногорск) – 3 балл.
- Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы – 3 балл.
- Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы – 3 балл.
- Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылы – 3 балл.
- Абай облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы – 2 балл.
- Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы – 2 балл.
- Абай облысы, Аягөз ауданы – 2 балл.
- Абай облысы, Семей қаласы – 2 балл.
- Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауылы – 2 балл.
- Абай облысы, Абай ауданы, Қараауыл ауылы – 2 балл.
- Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Буран ауылы – 2 балл.
- Абай облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы – 2 балл.
- Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Марқакөл ауылы – 2 балл.
- Абай облысы, Жаңасемей ауданы Жоламан кенті – 2 балл.
- Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы – 2 балл.
- Абай облысы, Мақаншы ауданы, Мақаншы ауылы – 2 балл.
- Абай облысы, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы – 2 балл.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түспеген.
Естеріңізге сала кетейік, 8 шілдеде Жамбыл облысында 6 балдық жер сілкінісі тіркелген еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2268153-abai-zhane-shygys-qazaqstan-oblystarynda-4-baldyq-zher-silkinisi-tirkeldi/