Кентауда 3 қабатты сауда орталығы өртке оранды: оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр
Опубликовано:
Түркістан облысы Кентау қаласында үш қабатты сауда үйінен өрт шықты. ТЖМ хабарлауынша, зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Кентаудағы сауда орталығында өрт шыққаны туралы ақпарат ТЖМ Telegram-арнасында 24 шілдеде сағат 21:40-та жарияланған.
"Осы сәтте Түркістан облысының өрт сөндірушілері Кентау қаласы Аль Фараби көшесінде орналасқан 3 қабатты сауда орталығының шатырының өртін сөндіріп жатыр. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс жасап жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Оқиға орнында өрт сөндіру жедел штабы құрылды. Өрті сөндіруге жеке құрамнан 18 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылған", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2268669-kentauda-3-qabatty-sauda-ortalygy-ortke-orandy-oqiga-ornynda-qutqarushylar-zhumys-istep-zhatyr/