jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматыда тағы бір ірі өрт ауыздықталды: Кеңсайда құрғап шөп тұтанған (фото, видео)

    Алматыдағы өрт
    Алматыдағы өрт. Фото: NUR.KZ

    Алматының Кеңсай шағынауданында да 25 шілдеде өрт шықты. Тұтанған өрт шамамен 22:39-да ауыздықталды, деп хабарлайды Алматы әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қала басшысының тапсырмасымен оқиға орнына қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов барды.

    "Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, ең әуелі тілсіз жаудың тұрғын үйлерге таралуына жол бермеуге күш салды. Сағат 22:39-да өрт оқшауланды, халыққа төнген қауіп жоқ. Қазір өрттің соңғы ошақтарын сөндіру жалғасып жатыр. Барлық қажетті күш-құрал жұмылдырылды, оған коммуналдық қызмет пен арнайы техника да тартылған", — деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов.

    Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2025 жылғы 25 шілдеде сағат 19:53-те Медеу ауданына қарасты Кеңсай шағынауданында, Сәрсенбаев көшесінің бойында құрғақ шөп тұтанып, өрт шыққаны туралы хабарлама Оперативті басқару орталығына келіп түскен.

    Алдын ала есеп бойынша қызыл жалын шамамен 15 гектар жерді шарпыған.

    Өртті сөндіруге Алматы қаласы ТЖД-ның 58 қызметкері мен 13 техникасы жұмылдырылды. Бұған қосымша жергілікті билік тарапынан тағы 6 су таситын көлік пен 6 қызметкер көмекке тартылған.

    Сәрсенбаев көшесі бойындағы жеке тұрғын үйлерге өрттің таралу қаупі жойылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

    Еске салсақ, бұған дейін Алматы тауларында өрт болғанын жазған едік.

    Алматыда тағы бір ірі өрт ауыздықталды: Кеңсайда құрғап шөп тұтанған (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.