Ақтөбеде 2 бірдей жүк көлігі өртке оранды (видео)
Опубликовано:
Ақтөбеде ЖШС аумағында екі жүк көлігі өртке оранды. Өрт сөндірушілер жалынды сөндірді, деп жазады ТЖМ Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Ақтөбе қаласында Курсантское тас жолының бойында орналасақан ЖШС аумағында 2 жүк көлігі мен автомобиль шиналары жанды.
Жедел келген өрт сөндірушілер 70 ш.м. алаңдағы өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2269341-aqtobede-2-birdei-zhuk-koligi-ortke-orandy-video/