jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматы маңындағы таулы аймақта тағы да өрт шықты: тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп, ұшақ тартылды

    Ақсай шатқалындағы өрт
    Ақсай шатқалындағы өрт. Фото: t.me/qr_tjm

    Бүгін Алматы маңындағы тауларда тағы да өрт шықты. Бұл жолы Ақсай шатқалында қураған шөп жанған. Бұл бір аптадағы екінші өрт, деп хабарлайды ТЖМ.

    "Өрт Алматы облысы Қарасай ауданының Көклайсай саяжайлары ауданында шыққан. Өрттің ауданы анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

    Жақын маңдағы саяжай учаскелерінің тұрғындары алдын ала эвакуацияланды. Қазіргі уақытта тұрғын үйлер мен іргелес аумақтарға өрттің таралу қаупі жойылды.

    Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД, Алматы қаласы ТЖД, ТЖМ № 28237 әскери бөлімінің күштері мен құралдары, сондай-ақ Мемлекеттік ұлттық табиғи парк қызметкерлері дереу жіберілді. Барлығы 150- ден астам адам мен 20 бірлік техника жұмылдырылды.

    Өрт сөндіру жергілікті жердің күрделі рельефімен және ауа-райы жағдайларымен күрделенуде, алайда өртті жою жұмыстары жалғасып жатыр.

    Өрт сөндіруге қосымша ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" су ағызу құрылғысы бар Ми-8 тікұшағы тартылды", - делінген хабарламада.

    Алматы маңындағы таулы аймақта тағы да өрт шықты: тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп, ұшақ тартылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.