jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қапшағайда қатты желден көтерілген толқын 32 адамды жағадан алысқа алып кеткен (видео)

    байдаркалар
    Қапшағай су қоймасындағы демалушылар. Видеодан кадр: ТЖМ баспасөз қызметі

    Қонаев қаласында күн күрт бұзылып, жел тұрған. Салдарынан Қапшағай су қоймасында толқын көтеріліп, демалушыларды қиын жағдайға душар етті. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    ТЖМ мәліметінше, Қонаев қаласында ауа-райы күрт нашарлап, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейген. Салдарынан Қапшағай су қоймасында толқын көтеріліп, демалушылар қиын жағдайға тап болған.

    "Байдаркалар мен китбордтарда серуендеп жүргендерді жағадан 1,5 км қашықтыққа алып кетті. Адамдар өз бетінше жағаға жете алмады.

    Қапшағай акваториясының жағалау жиегін патрульдеу бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізген ТЖМ құтқарушылары көмекке асықты. Олар қайықтармен 32 адамды, оның ішінде 3 баланы жағалауға аман-есен жеткізді", - делінген хабарламада.

    Қапшағайда қатты желден көтерілген толқын 32 адамды жағадан алысқа алып кеткен (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.