jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Ештеңе көрінбейді, бәрін лай басқан": Сорбұлақ маңында жоғалған әскери тікұшақ қалай іздестіріліп жатыр

    тікұшақ
    Тікұшақ. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Үкіметте өткен брифингте құлаған әскери тікұшақты іздестіру жұмыстарының барысы туралы айтылды. Бұған дейін Сорбұлақ көлінің маңынан тікұшақ сынықтары табылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев жоғалған тікұшақ туралы хабарлама 25 шілдеде Қорғаныс министрлігінен түскенін еске салып өтті. Тікұшақтардың көмегімен іздеу жұмыстары басталған, Сорбұлақ су қоймасына барлау жүргізілген.

    "Қазғарыштан" алынған суреттерде жанар-жағармайдың төгілгеніне ұқсас іздер көрінген. Сорбұлақ су қоймасы маңынан тікұшақтың бірнеше сынығы табылды. Осыдан кейін штаб құрылып, белсенді іздеу жұмыстары басталды.

    Өкінішке қарай, 10 күннен астам уақыт өтті. Біз Сорбұлақ аумағының шамамен 50 пайызын қарап шықтық. Барлық іздестіру шарасы Қорғаныс министрлігінің бақылауында", - деді ол.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері су қоймасында көруге мүмкіндік нашар дейді.

    "Біз өз күш-құралдарымызды бердік. Қазір іздестіру жұмыстары таңнан кешке дейін жүргізілуде. Сорбұлақтағы судың тереңдігі 5 метрден 25 метрге дейін жетеді. Түбі ми батпақ. Тіпті бір метр тереңдікте де ештеңе көрінбейді, бәрін лай басқан", - деді вице-министр.

    "Ештеңе көрінбейді, бәрін лай басқан": Сорбұлақ маңында жоғалған әскери тікұшақ қалай іздестіріліп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.