jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жетісу облысында ГЭС аумағын су басты (видео)

    Сарқан ауданындағы ГЭС
    Сарқан ауданындағы ГЭС. Видеодан кадр: instagram.com/halyk_zhurnalist.kz

    Жетісу облысы Сарқан ауданы Екіаша ауылындағы "Кіші Басқан" өзенінде орналасқан ВБ ГЭС-2 станциясында су құбыры жарылды. Оқиға ауыл тұрғындарының алаңдаушылығын тудырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Жетісу облысы әкімдігінің мәліметінше, 12 тамыз сағат 17:00-де "Кіші Басқан" өзеніндегі гидроэлектростанциясында су құбыры жарылған. Кейін әлеуметтік желіде оқиғаға қатысты ақпарат жарияланып, ол тұрғынардың алаңдаушылығын тудырған. Алайда облыс әкімдігі өкілдері нақты жағдай өзгеше деп отыр.

    Оқиға орнына келген "Baskan Power" ЖШС-нің қауіпсіздік мамандары жоғарғы су қабылдағыштан суды жедел тоқтатып, станция аумағынан тыс жерге судың таралуының алдын алды. Уақытылы қабылданған шаралардың арқасында өзен маңындағы тұрғын үйлер зақымданған жоқ, халық пен экологиялық қауіпсіздікке қатер туындаған жоқ.

    "Технологиялық тұрғыда құбыр жарылып, соның салдарынан су ГЭС ғимараттары арқылы сыртқы бетке шығарылды. ГЭС-тің жедел кезекші қызметкерлері электр қуатын ажыратып, су беруді тоқтатты, ал сағат 18:00-де құбыр толықтай судан арылды. Суды сорып шығару жұмыстары басталды, бүгінде ғимарат ішіндегі су толығымен сорып шығарылды, қазір апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Су атқылауы кезінде жергілікті халыққа зиян келген жоқ, тұрғын үйлер мен қожалықтарды су басқан жоқ, экологиялық қауіп жоқ, су толығымен өзен арнасына қайтты", - дейді "Baskan Power" ЖШС техникалық директоры Данияр Досабаев.

    Әкімдік мәліметінше, "Baskan Power" ЖШС-да шамамен 90 адам жұмыс істейді, олардың бәрі – жергілікті тұрғындар.

    Әкімдік өкілдері тұрғындарды тек ресми дереккөздердегі тексерілген ақпаратқа сенуге және негізсіз дүрбелең тудыруы мүмкін расталмаған мәліметтерді таратпауға шақырады. Компания өкілдері барлық қызмет қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

    Жетісу облысында ГЭС аумағын су басты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.