Астанадағы автобус апатының себебі белгілі болды
Опубликовано:
Елордадағы автобус апатының себебі белгілі болды, көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған, деп хабарлайды Kazinform.
"Mercedes маркалы қызметтік автобустың жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылымен жүріп келе жатып, бұрылыс жасау кезінде рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіне шығып кеткен. Салонда болған жолаушылар медициналық мекемеге жеткізілді.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза болғандар жоқ. Аталған дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр", - делінген қалалық полиция департаментінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астанада автобус жол апатына ұшырап, 14 адам ауруханаға жеткізілгенін жазған едік. Зардап шеккендердің дені жеңіл жарақат алған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2278767-astanadagy-avtobus-apatynyng-sebebi-belgili-boldy/