jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Тоқтап үлгердік": Алматыдағы Абай даңғылында жолдың үстіне ағаш құлады (видео)

    ағаш құлаған жер
    Ағаш құлаған жер. Видеодан кадр: t.me/youralmaty

    Желіде Алматы көшелерінің бірінде жолдың үстіне ағаш құлады деген ақпарат тарады. Қала әкімдігі оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Telegram желісіндегі "Твой Алматы" арнасы "Абай даңғылының бойында жолға ағаш құлады" деген куәгерлердің видеосын жариялады.

    "Секунд қалғанда тоқтап үлгердік, енді кептеліс пайда болды. Яғни, ағаш құлаған маңнан бірнеше метр жерде", - дейді оқиға куәгерлерінің бірі.

    Алматы әкімдігі өкілдері NUR.KZ тілшісіне өткен демалыс күндері қалада жолға ағаш құлағаны туралы ақпаратты растады.

    "Абай даңғылында, Радостовец көшесінің қиылысына жақын жерде жасыл желек (ағаш) жолдың үстіне құлады. Шолу нәтижесінде ағаштың қанағаттанарлық жағдайда екені анықталды (жасыл түсті, қураған немесе зақымданған белгілер жоқ). Көліктерге, инженерлік желілерге және электр желілеріне зақым келген жоқ", - делінген хабарламада.

    Әкімдіктің хабарлауынша, құтқару қызметі ағашты кесіп, жолды тазалаған. Алматы қалалық құтқару қызметі құлаған ағашты кесу және шығару жұмыстарын жедел жүргізді. Қазіргі уақытта жол бөлігі толығымен тазартылып, көлік қозғалысына толықтай ашылды.

    "Тоқтап үлгердік": Алматыдағы Абай даңғылында жолдың үстіне ағаш құлады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.