jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Шымкенттегі қоймалардың бірінде ірі өрт шықты

    Өрт
    Өрт сөндіріп жатқан құтқарушылар. Көрнекі фото: pixabay.com

    Өткен түнде Шымкентте макулатура жинайтын қоймадан шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Шымкент қаласында кезекті шақырту келіп түсті. Өтініш берушінің айтуынша, Қаратау ауданындағы Жібек жолы көшесінде орналасқан макулатура жинау қоймасы өртеніп жатты.

    Жоғарғы рангпен келген өрт сөндірушілер 120 шаршы метр алаңда қойма шатыры мен ішінде сақталған макулатураның жанып жатқаны туралы баяндады", - делінген ТЖМ хабарламасында.

    Өрттің үлкен аумақты шарпуы, қатты түтін мен көптеген жанғыш материал салдарынан туындаған қиындықтарға қарамастан, өрт сөндірушілер өртті тез арада сөндіре алған. ТЖМ мәліметіне сенсек, өрттен зардап шеккендер жоқ.

    Шымкенттегі қоймалардың бірінде ірі өрт шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.