jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ақсуда зауыттың үш қызметкерін күйік шалды: біреуі жансақтау бөлімінде

    жансақтау
    Жансақтау бөлімі. Көрнекі фото: pexels.com

    Ақсу ферроқорытпа зауытында үш қызметкерді күйік шалды. Олардың бірінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ зауыттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ақсу ферроқорытпа зауытының баспасөз қызметінің хабарлауынша, үш қызметкер жұмыс барысында күйіп қалған. Зауыт өкілдері зардап шеккендердің жағдайын айтты.

    "Зардап шеккендер Ақсу орталық ауруханасына жеткізілді. Олардың бірі жансақтау бөлімінде, екіншісі стационарда ем қабылдап жатыр, үшіншісі амбулаториялық емдеуде", - делінген хабарламада.

    Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланып, тергеу басталды. Компания өкілдерінің айтуынша, қызметкерлерге қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

    Ақсуда зауыттың үш қызметкерін күйік шалды: біреуі жансақтау бөлімінде

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.