Алматыда екі қабатты жеке тұрғын үйден өрт шықты (видео)
Опубликовано:
Бүгін, Алматыда Алатау ауданының тұрғындары өрт туралы хабарлады. Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынща, өрт 250 шаршы метр аумақты шарпыған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, 27 қыркүйекте сағат 08:30-да Алатау ауданының Самғау шағындауданындағы Құлан көшесінде орналасқан 2 қабатты жеке тұрғын үйдің жануы орын алып, от 1-қабатты үйдің және уақытша үй-жайдың шатырларына ауысқан.
"ТЖМ бөлімшелері құрылымдар арасындағы өртке қарсы арақашықтықтың болмауына және жоғары өрт жүктемесіне қарамастан жоғары дәрежелі шығу рангімен жұмыс істей отырып, оқпандарды бір мезгілде сөндіруге және қорғауға беру арқылы өрттің таралу қаупін жойды", - деді ТЖД өкілдері.
Құтқарушылардың мәліметінше, 250 шаршы метр аумақты шарпыған өрт 09:23-те сөндірілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2291121-almatyda-eki-qabatty-zheke-turgyn-uiden-ort-shyqty-video/