jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Денсаулық сақтау министрі астаналық фельдшердің қазасына байланысты отбасы мен жақындарына көңіл айтты

    Ұлдана Мырзуан жұбайымен
    Ұлдана Мырзуан жұбайымен. Фото: instagram.com/zeineladilet

    Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанада тұрғын үйдің қасбеті мен кондиционер құлауы салдарынан жарақат алып, қаза тапқан жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Денсаулық сақтау министрлігінің атынан және жеке өз атымнан өз кәсіби борышын атқару кезінде қаза тапқан жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын.

    8 қарашада кезекті қызметтік шақырту кезінде Астанадағы тұрғын үй кешенінде ғимараттың қаптамасының бір бөлігі құлады. Өзіне төнген өлім қаупіне қарамастан, Ұлдана екі зардап шеккен адамға көмек көрсетіп, олардың өмірін сақтап қалды.

    Ол соңғы уақытқа дейін адамдарға көмектесу мақсатына адал болды. Оның іс-әрекеті нағыз кәсіби батырлықтың, қайсарлықтың және жоғары адамгершілік жауапкершіліктің үлгісі", - деп жазды министр Instagram желісіндегі парақшасында.

    Министр Ұлдананың небәрі 23 жаста екенін атап өтті.

    "Бес жылын медицина саласына арнады, жақында ғана тұрмысқа шығып, болашаққа жоспарлар құрған еді. Бұл қаза тек оның туыстары үшін ғана емес, бүкіл медициналық қауымдастық, әріптестері және елорда тұрғындары үшін де үлкен қайғы.

    Өзгенің өмірі мен денсаулығын бәрінен жоғары қойған Ұлдана Мырзуанның жарқын бейнесі қайсар да мейірімді жан ретінде біздің жүрегімізде мәңгі сақталады", - делінген Ақмарал Әлназарованың жазбасында.

    Айта кетейік, бұған дейін Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлауы салдарынан ауыр жарақат алған 23 жастағы фельдшер көз жұмғаны хабарланған еді.

    Денсаулық сақтау министрі астаналық фельдшердің қазасына байланысты отбасы мен жақындарына көңіл айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.