jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда жүк көлігі жүргізушісі самокатшы әйелді қағып өлтіріп, көзден таса болған

    Самокат
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматыда күні кеше жүк көлігінің жүргізушісі әйелді қағып өлтіріп, оқиға орнынан таса болған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    Жантүршігерлік жол апаты Каблуков пен Байқадамов көшелерінің қиылысында орын алған. Куәгерлер сөзінше, келіншек велосипед жолында самокатпен келе жатқан. Ал жүк көлігінің жүргізушісі Каблуков көшесінен Байқадамов көшесіне бұрылған сәтте оны байқамай қалған.

    Жәбірленушіге көмектесудің орнына авто иесі оқиға орнынан таса болған. Ал самокатшы дәрігерлер келгенше көз жұмды. Оның жасы 46- да болған.

    Қазір құқыққорғау органдары автоны іздеумен айналысып жатыр. Оқиға орнында криминалистер, тергеушілер мен жол полициясы қызметкерлері жұмыс істеуде.

    Айта кетейік, Ауа райының нашарлауына байланысты бүгін, 13 қарашада Нұр-Сұлтан-Щучинск тас жолы барлық көлік түрлеріне жабылды.

    Министрліктің мәліметіне сәйкес, бүгін 13 қарашада елордада дауылды ескерту жарияланды - Нұр-Сұлтанда екпіні секундына 15-20 метрге дейін жететін жел соғатыны белгілі болды. Сонымен қатар, автомобиль жолдары мен тас жолдарында көктайғақ болады деп болжануда.

    Сол себепті республикалық Нұр-Сұлтан - Петропавл жолының Нұр-Сұлтаннан Щучинскке дейінгі бөлігінде көліктің барлық түрлері үшін жолды жабу туралы шешім қабылданды. Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілердің қарлы боран мен ауа райының қолайсыздығы кезінде қалай әрекет етуі керектігін айтқан болатын - құтқарушылар қысқы сапарларға мұқият дайындалуды ескертуде.

    Алматыда жүк көлігі жүргізушісі самокатшы әйелді қағып өлтіріп, көзден таса болған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.