jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтөбеде жол-көлік оқиғасынан жолаушы әйел көз жұмды

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Фото: polisia.kz

    Ақтөбе қаласында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан 40 жастағы жолаушы көз жұмды деп хабарлайды Polisia.kz.

    18 маусым сағат 19:20 шамасында Toyota Hilux автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласы, ГМЗ айналма тас жолы бойымен Заречный айналма тас жолы жағынан Заречный-3 ауылына апаратын жаңа көпіріне қарай солға бұрылу маневрін жасау кезінде ГМЗ айналма тас жолы бойымен ГМЗ жағынан Заречный жағына басты жолда келе жатқан ВАЗ 2107 автокөлігімен соқтығысқан.

    Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде ВАЗ 2107 автокөлігінің 40 жастағы жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.​ Сотқа дейінгі тергеп тексеру ісі бойынша жоғарыда аталған дерек бойынша куәгерлермен көрген адамдар келесі телефон нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз 93-64-04, 8-775-832-07-98, 8-705-970-80-48 немесе Ақтөбе облысы ПД АБ №404 қызметтік кабинетіне келу қажет.

    Ақтөбеде жол-көлік оқиғасынан жолаушы әйел көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.