jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Талғарда жас ананы көлік қағып кетті: Жергілікті тұрғындар жолға қатысты наразылық білдіруде

    Тасжол1
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматы облысы Талғар ауданында жас ананы көлік қағып кетті. Абырой болғанда, әйел аман қалған. Қазір ол ауруханада жатыр. Осы орайда ауыл тұрғындары билікке "жаяу жүргінші жолын жарықпен қамтамасыз етсін" деген талап қойып отыр. Себебі, дәл сол жерде жол апаты жиі болатын көрінеді, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

    Теренқара ауылының тұрғындары "Балаларымызды мектепке жіберуге де қорқамыз" дейді. Олардың сөзінше, бір күнде ауылда екі жол көлік апаты болған. Соның бірінде жас ана зардап шегіп, ауруханаға түскен.

    "Сол жерде үнемі жол апаты болады. Өткен жылы адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы тіркелді. Мектеп автобустарының бәрі көбіне сол жерге тоқтайды", - деді елдімекен тұрғыны Мира Маймарова.

    Теренқаралықтар билік өкілдеріне аталған мәселені шешіп берсін деп бірнеше рет жүгінгенін, алайда еш нәтиже болмағанын жеткізді.

    Ал жергілікті билік өкілдері болса, жол облыстық маңызға ие болғандықтан, мәселені шеше алмайтынын айтып отыр.

    "Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына тиісті хат жолдаған едік. Біз өз қаражатымызға бұл жолды жарықтандыра алмаймыз. Бұл мәселе қаражатқа келіп тіреледі. Сонымен қатар көлік жүргізушілерінен де кінә бар. Қатты жылдамдықпен жүреді", - деді Қайнар ауылдық округінің әкімі Нұрболат Манапбаев.

    М. Жақан

    Талғарда жас ананы көлік қағып кетті: Жергілікті тұрғындар жолға қатысты наразылық білдіруде

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.