jitsu gif
Оқыс оқиға

    Ақтөбеде волейболшы балалармен жол апатына түскен жаттықтырушы комада жатыр

    Ақтөбеде оқушылар түскен жол апаты
    Ақтөбеде оқушылар түскен жол апаты. Фото: KAZ.NUR.KZ өңірлік тілшісі

    Ақтөбеде сегіз оқушымен бірге жол апатына түскен жаттықтырушының жағдайы ауыр. Дәрігерлер жансақтау бөлімінде жатқан жаттықтырушының бірнеше жерден жарақат алғанын мәлім етті, деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Жаттықтырушының комада жатқанын облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев айтты.

    "Мойын омыртқасы сынған. Бас ми жарақатын алған. Жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде комада жатыр", - деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

    Ақтөбе-Шұбарқұдық тас жолында болған жол апатынан зардап шеккен 8 бала қаладағы "Ана мен бала" орталығында жеткізілген.

    Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бес бала жансақтау бөліміне жатыр. Жағдайлары орташа ауыр. Қалған үш баланың жағдайы тұрақты ауыр, хирургия бөлімінде ем алуда. Науқастар травматолог, хирург, реаниматолог дәрігерлердің бақылауында.

    Темір ауданының әкімдігі жасөспірімдердің Ақтөбе кубогы аясындағы волейбол жарысына қатысу үшін қалаға бет алғанын хабарлайды.

    Жағдайды облыс әкімі Ералы Тоғжанов бақылауға алған.

    "Балаларға медициналық көмек тәулік бойы көрсетілуде, бақылауға алынған. Аурухана барлық қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Ата-аналарға балаларды емдеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат беріледі. Бүгін олар реанимациялық және хирургиялық бөлімшелерге жіберілді", - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Байтанаев.

    Айта кетейік, 17 желтоқсан күні сағат 9.25 шамасында Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық трассасында тіркелген жол апатынан 2010 жылы туылған бір оқушы оқиға орнында қайтыс болды.

    Ақтөбеде волейболшы балалармен жол апатына түскен жаттықтырушы комада жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.