jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтөбеде скутер тізгіндеген бозбала ажал құшты

    Скутерлер
    Скутерлер. Көрнекі фото: pixabay.com

    Ақтөбеде жеңіл көлік пен скутер соқтығысып, салдарынан скутердің жүргізушісі 17 жастағы бозбала қаза тапты. Бұл туралы ІІМ-нің Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасы хабарлады.

    Полиция мәліметінше, оқиға 28 маусымда Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылының бойында "Нұр-Ғасыр" мешітіне қарама-қарсы жерде болған.

    Сол маңда Ваз 21103 автокөлігі мен бозбала басқарған скутер соқтығысқан.

    Салдарынан скутердің жүргізушісі 17 жастағы бозбала Ақтөбе қаласының Балалар ауруханасына жеткізіліп, бірнеше сағаттан кейін алған жарақаттарынан жансақтау бөлімінде көз жұмған.

    Полицияның дерегінше, скутердің жолаушысы 19 жастағы жігіт ауруханаға жатқызылған.

    Құзырлы орган бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.

    Ақтөбеде скутер тізгіндеген бозбала ажал құшты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.