jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Жетісу облысында жол апатынан үш адам қаза тапты (фото, видео)

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

    Алакөл ауданында Алматы-Өскемен тасжолының 568 шақырымында адам өліміне әкелген жол көлік апаты орын алды. Жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды ІІМ ресми Telegram-каналына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Алдын ала болжам бойынша, Toyota Carina E көлік жүргізушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, Mercedes Benz көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші, сонымен бірге Toyota Carina E жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

    Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

    "Құрметті жүргізушілер, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбаңыздар және ең алдымен жылдамдықты асырмаңыздар. Автокөлікті басқару кезінде жауапсыздық пен немқұрайлылық, әдетте, қайғылы салдарға, көбінесе адамдардың өліміне әкелетінін ұмытпаңыз", - деді ІІМ өкілдері.

    Жетісу облысында жол апатынан үш адам қаза тапты (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.