Алматыда екі қоғамдық көлік пен жеңіл көлік соқтығысты (видео)
Жарияланған күні:

Желіде Алматының Түріксіб ауданында екі қоғамдық көлік пен жеңіл көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасының видеосы пайда болды. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Видео Telegram-дағы dubsmash_kaz арнасында пайда болды.
KAZ.NUR.KZ тілшісі түсініктеме алу үшін Алматы полициясына хабарласты. Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, бұл жол-көлік оқиғасы бүгін таңғы сағат 05:20-да Алматының Түріксіб ауданында болған.
Бекмаханов көшесінде екі автобус пен Chevrolet көлігі соқтығысты.
"Екі қоғамдық көліктің жүргізушілері медициналық көмекке жүгінген. Басқа зардап шеккендер жоқ. Түріксіб аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтауда", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда кері бағытта жүріп бара жатқан жүк көлігінің автобусқа соқтығысқанын хабарлаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2189129-almatyda-eki-qogamdyq-kolik-pen-zhengil-kolik-soqtygysty-video/