jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Талғат Дүйсенбек
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағандылық дәрігерлер үш жүк көлігі соқтығысқанда зардап шеккендердің жағдайын айтты

    Жол апаты
    Жол апаты болған жер. Видеокадр: instagram.com/novosti.karagandy.kz

    Дәрігерлер Қарағанды облысы аумағында үш жүк көлігі соғысқанда зардап шеккен адамдардың жағдайы қалай екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жергілікті ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

    Ірі жол апаты 20 қарашада Қарағанды – Астана тасжолында болған. SHACMAN автомобилі мен екі Volvo соғысқан. Көлік жүргізушілердің бірі оқиға орнында қайтыс болған. Ал тағы бір жүргізуші дәрігер көмегіне жүгінбеген. Үшінші көліктің жүргізушісі ауруханаға түскен, бірақ оны көп уақыт өтпей үйге қайтарған.

    "Зардар шеккендердің бірі Теміртаудағы ауруханаға түсті. Тексеруден кейін оны үйде емделуге жіберді", - деп хабарлады Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

    Тағы бір жол апаты бүгін Алматы – Екатеринбург жолында болды. 32 жастағы жүргізуші басқарған MAN автокөлігі тайғанақтап, жолда көлденең тұрып қалған. Апат салдарынан бір адам ауруханаға түскен.

    Қарағандылық дәрігерлер үш жүк көлігі соқтығысқанда зардап шеккендердің жағдайын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.