jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Семейде жүк пойызы бір әйелді басып кетті

    Пойыз
    Пойыз. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Семейде жүк пойызы бір адамды басып кетті. Ол бағдаршамда тұрған теміржол құрамының арасынан өтіп кетпек болған, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    Телеарна мәліметіне сәйкес, қайғылы жағдай шаһардың қақ ортасында болған. Әйел тоқтап тұрған пойыздың толық жүріп кеткенін күтпей, вагондардың арасымен өтіп кетуге әрекеттенген. Алайда бірнеше секундтан кейін пойыз орнынан қозғалып жүре бастаған.

    Сол мезетте, марқұм дөңгелектің астында қалып қойған. Куәгерлер әйелді вагонның астынан шығарып үлгергенімен, ол оқиға орнында көз жұмды. Қазір осы оқиға бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    Еске салсақ, бұған дейін Ақсеңгір - Шамалған аралығында ер адам абайсызда пойыз астына түскен болатын.

    Сондай-ақ Шымкентте ер адамды пойыз қағып, ол алған жарақатынан қаза тапқан еді. Полиция бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын мәлімдеді.

    Семейде жүк пойызы бір әйелді басып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.