jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Ішінде жас бала бар": Павлодар облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

    Жедел жәрдем көлігі
    Жедел жәрдем көлігі. Көрнекі фото: pixabay.com

    Жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады kazinform.kz.

    19 сәуірде Баянауыл ауданы Бірлік ауылының маңында "Қалқаман-Керней" автожолының 250-ші шақырымында Pontiac және Lada Granta автомобильдері соқтығысқан.

    Алдын ала мәліметтер бойынша, апаттың себебі автомобильдердің бірі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

    "Апат салдарынан екі жүргізуші де, екі жолаушы да, оның ішінде жас бала да сол жерде қаза болды. Әртүрлі жарақаты бар тағы бір кәмелетке толмаған бала ауруханаға жеткізілді", — делінген хабарламада. 

    Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

    "Павлодар облысының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларына жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады", — делінген хабарламада.

    "Ішінде жас бала бар": Павлодар облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.