jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматы облысында заң бұзған көлік жүргізушісі жүк пойызына соқтығысты

    пойыз жолы
    Пойыз. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қазақстанда теміржол бойында тағы бір жол-көлік оқиғасы болды. Жол талғамайтын көлік жүргізушісі заң бұзып, жүк көлігіне соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

    Бұл жолы жол апатына Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі себепкер болды. Ол Алматы облысындағы теміржол өткеліне шығып кеткен. Оқиға 2025 жылдың 15 маусым күні таңертең болған.

    "Реттелетін теміржол өткелінде (Жетіген – Алтынкөл учаскесіндегі Жінішке су – Шелек аралығы) автокөлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзып, жүк пойызымен соқтығысқан", – деп мәлімдеді ҚТЖ баспасөз қызметі.

    Айта кету керек, 7 маусымда машинист жолаушылар пойызын апаттан аман алып қалды. Ол шұғыл тежеуді дер кезінде қолданып, қайғылы жайттың алдын алған болатын.

    Одан бөлек мамыр айының соңында Достық-Бескөл учаскесінің күзетілмейтін өткелінде жеңіл автокөлік жолға кенеттен шығып кеткенін жазған болатынбыз.

    Сонымен бірге 4 мамырда да ірі жол-көлік оқиғасы болған. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 мамырда Бурыл станциясы кірме жолының (Тараз-Жаңатас учаскесі) жеке теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасы болған. Салдарынан автокөліктің жүргізушісі мен жолаушы жарақат алған болатын.

    Алматы облысында заң бұзған көлік жүргізушісі жүк пойызына соқтығысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.