jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Жетісу облысында екі полиция қызметкері көз жұмды

    Қаза тапқан полицейлер
    Қаза тапқан полицейлер. Фото: instagram.com/zhetysu.police

    Жетісу облысында қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жол-көлік оқиғасында қаза тапқан Жетісу облысы Полиция департаменті қызметкерлері - полиция майоры Арнұр Алханов пен полиция аға лейтенанты Шыңғыс Асылбековтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Олардың есімі әріптестерінің жадында мәңгі сақталады.

    Ішкі істер министрлігі марқұмдардың отбасына қажетті көмекті көрсетеді", - делінген хабарламада.

    Бұған дейін Жамбыл облысында екі полиция қызметкері жол апатына ұшырағанын жазған едік. Оқиға салдарынан 44 жастағы полиция қызметкері қаза тауып, екінші қызметкер жарақат алды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.